Жоғалып кеткен Сауран ауданының тұрғындары табылды

74

Жоғалып кеткен Сауран ауданының тұрғындары табылды.  7 ақпанда сағат 12:50-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне бір күн бұрын жеңіл автокөлікпен Егізқара ауылынан Ынталы ауылынан жолға шыққан 5 адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 9 қызметкер мен 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органан 1 қызметкер жұмылдырылды. 7 ақпанда сағат 14:37-да құтқарушылар ер адамдарды жоғалып кеткен орыннан он бес шақырым жерде Егізқара ауылынан тапты. Олар ауа райының қолайсыздығынан қар құрсауында қалып қойған. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.