А 4 қағазы қымбаттады

276

Қазақстан нарығында А4 қағазы Ресейге салынған санкцияның салдарынан екі есе қымбаттады. 2021 жылы қазақстандық кәсіпорындар А4 форматында 600 мың қаптама қағаз шығарды, бұл ішкі нарықтағы барлық тұтыну көлемінің 5%-ін ғана құрайды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Ағымдағы жылы ішкі нарықта пайдалану үшін Қазақстанға А4 форматындағы кеңсе қағазының 20,4 миллион қаптамасы,51 мың тонна жеткізілді. Оның ішінде, 61% . яғни 31,3 мың тоннасы ­– Ресей Федерациясынан, 30% , 15,1 мың тонна – Түркиядан, 8% (4 мың тонна) ҚХР-дан импортталды.

2022 жылғы наурызға қарай бағалар орта есеппен бір мың теңгеге немесе 67%-ке өсті. Қазір ірі жеткізушілер кеңсе қағазының 1 қаптамасын 3 мың теңге көтерме бағамен саудалайды.

Шынар Оразова