Арыс қаласында 240 отбасы баспаналы болды

183

Түркістан облысы, Арыс қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 240 отбасыға пәтер кілті табысталды. Пәтерлер сатып алу құқығынсыз үй кезегінде тұрған аз қамтылған немесе көп балалы отбасылар, жетім және халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы басқа да азаматтарға берілді.

Бой көтерген 5 қабаттан тұратын 4 үйде 1,2 және 3 бөлмелі 60 пәтер бар. Алдағы уақытта тағы 8 баспана бой көтереді деп жоспарланған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Арыс қаласы бойынша пәтер алу үшін кезекте 2 200-ден астам адам тұр.

 Гүлдана Дәурен