Úı ANONS Бизнеске қойылатын міндетті талаптар реестрі әзірленбек

Бизнеске қойылатын міндетті талаптар реестрі әзірленбек

Отандық бизнеске қойылатын талаптардың 40 пайызы жаңа тәсілдерге сай келмейді, деді  Үкімет басшысы.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, саланы реттеу туралы жаңа заң кәсіпкерлердің әкімшілік жүктемесін біршама азайтуы керек. Министрлер кабинеті бизнеске қойылатын міндетті талаптар реестрін әзірлемек. Ол 2023  жылы іске қосылады. Өзгерістер енгізілгенде  кәсіпкерлерді тексеру мен айыппұл көлемі 2 есеге азаяды. Ол үшін автоматтандырылған бақылау кестесі құрылады.

Сондай-ақ алдағы уақытта тексерістен гөрі заңды бұзудың алдын алу шараларына басымдық беріледі.

Шынар Оразова