Úı Jańalyqtar Стоматологиялық кабинеттерге қойылатын санитариялық талаптар

Стоматологиялық кабинеттерге қойылатын санитариялық талаптар

фото qaz.mediaworld.kz

 

Стоматологиялық ұйымдар жеке орналасқан ғимараттарда немесе санитарлық ереженің қолданыстағы құрылыстық нормалар мен ережелердің талаптары орындалғанда ғимараттарға қоса жапсыра салынған, жұмыс жасауға ыңғайластырылған үй-жайларды пайдалануға жол беріледі. Ғимараттың жертөлесінде стоматологиялық ұйымдарды орналастыруға болмайды. Ғимараттың жертөлесінде қызметкерлерге арналған санитарлық-тұрмыстық қажетке керекті үй-жайларды және қоймаларды орналастыруға болады, олардың тарта-соратын желдеткіш камералары болуы тиіс.

 

Стоматологиялық (терапевтік, хирургиялық, ортопедиялық, ортодонттік) ұйымдардағы негізгі стоматологиялық креслоға 14ш/м, ал қосымша креслоға 7ш/м орын бөліну керек. Стоматологиялық кабинеттердің қабырғалары зарарсыздандыру дәрмегін қосып ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу үшін ой-шұқырсыз тегіс болуы керек. Едендері поливинильхлоридті (винил-пластпен, линолеуммен) немесе керамикалық тақтайшалар төсеуге болады. Есіктер мен терезелер эмаль немесе  майлы бояу  арқылы боялып, оның ашып жабуға арналған фурнитураларының беттері оңай тазаланатындай тегіс болуы керек. Табиғи және жасанды жарық көздері қарастырылады. Стоматологиялық кабинеттерде араластырғышы бар шынтақты немесе жанаспай ағатын шүмектерді орната отырып, ыстық және суық су өткізілген раковиналармен жабдықтау керек және қосалқы үй-жайларда (персонал, санитариялық бөлмелер, санитариялық тораптар) суық және ыстық су өткізілген раковинаны орнату көзделеді. Ауысымына 150 және одан астам келушіге амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілетін денсаулық сақтау объектілерінің ғимараттарын механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарту желдеткіш жүйелерімен жабдықтау керек. Ауысымына 150 келушіден кем объектілер үшін асептикалық үй-жайларда бактерицидті сүзгілері бар ауаны баптау аспаптарын орнату көзделеді. Стоматологиялық кабинеттердің  жиһазы, жабдығы, кіші механизация құралдары және жинау мүкәммалы жуу құралдарына және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан қолданылады. Жинау мүкәммалы (шелектер, легендер, шүберектер, швабралар) үй-жайлар мен жинау жұмыстарының түрлері көрсетіле отырып таңбаланады, қатаң түрде тағайындалуы бойынша пайдаланылады және қолданғаннан кейін дезинфекцияланады. Ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицид шамдары орнатылады,  қолданылған кезде есептеу пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Стоматологиялық объектілерінің үй-жайларына күрделі жинау жүргізу кезінде мына талаптарды сақтау қажет: 1) жұмыскерлер арнайы бөлінген санитариялық киімді пайдаланады және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі — ЖҚҚ) пайдаланады; 2) жинау бір рет қолданылатын сулықты немесе көп рет қолданылатын дезинфекцияланған шүберекті пайдаланыла отырып жүргізіледі; 3) үстіңгі беттерді ылғалды жинау жуу құралдары ертінділерімен мынадай тізбекпен жүргізіледі: төбе, терезелер мен терезенің алды, қабырғалар мен есіктер — жоғарыдан төмен қарай, жабдық, еден — төр жақтағы қабырғадан есікке қарай, дәретхана соңғы кезекте жиналады; 4) қолданылған жуу құралдарын шаю бір рет қолданылатын сулықты немесе көп рет қолданылатын дезинфекцияланған шүберекті пайдалана отырып сумен жүзеге асырылады; 5) қабырғаларды, терезенің алдын, еденді, жабдықтарды, жиһаздарды дезинфекциялау оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес химиялық дезинфекциялау құралдарымен жүргізіледі; 6) санитариялық киімді және қорғаныш қолғаптарын тазасына ауыстыруды жұмыскерлер қолданылған химиялық дезинфекциялау құралдарын шаю кезеңінің алдында жүргізеді; 7) химиялық дезинфекциялау құралдарын шаю шүберекті пайдалана отырып сумен жүргізіледі. Егер дезинфекциялау қолданылғаннан кейін шаю рәсімін талап етпейтін химиялық дезинфекциялау құралдарымен жүргізілетін болса, шаюды жүргізбеуге болады; 8) үй-жайларды күрделі жинау жүргізілгеннен кейін жинау мүкаммалын дезинфекциялау, тазалау және кептіру жүргізіледі; 9) жинау аяқталғаннан кейін нұсқаулыққа сәйкес есепті уақытқа бактерицидті сәулелегіштер немесе басқа да ауаны зарарсыздандыру құрылғыларын қосады. Хирургиялық стоматология кабинеттерінің жұмысы «таза» және «іріңді» араласулар ағындарын бөлуді ескере отырып ұйымдастырылады.  Әр стоматологиялық кабинетте стерильді материалдар мен құрал-саймандарға арналған үстел немесе құрал-саймандарды сақтауға арналған бактерицидті камера орнатылады.

Барлық стоматологиялық кабинеттер манипуляциялар арасында оларды өңдеу үшін қажетті уақытты ескере отырып, үздіксіз жұмыс істеу үшін жеткілікті көлемде медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етіледі. Әрбір қабылдауға жеке стоматологиялық тексеріп-қарау жиыны бөлінеді.  Стоматологиялық нысан зерерсыздандыру және стерилдеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды  қатаң орындаған жағдайда қызмет көрсетілуі тиіс.

Л.Н.Туртаева,

Шымкент қаласы Еңбекші 

 

          ауданының СЭББ басшысы