Еуроодаққа экспортталатын қазақстандық тауарлардың тізімі кеңейеді

152

Еуроодақ Қазақстанның ірі инвестициялық және сауда серіктесі. Бұл туралы Брюссельде өткен «Қазақстан-Еуропалық Одақ» ынтымақтастық комитетінің бесінші отырысында Еурокомиссияның Таяу Шығыс, Түркия, Ресей және Орталық Азия бойынша бөлім басшысының орынбасары Тимо Хаммарен  мәлімдеді.

Тараптар кездесуде Еуроодаққа экспортталатын қазақстандық тауарлардың тізімін кеңейту мәселерін талқылады. Осымен қатар аймақтағы саяси жағдайға байланысты транзиттік сауданы жеңілдету қарастырылды.

Тимо Хаммарен, Сауда жөніндегі Еурокомиссия бөлім басшысының орынбасары: «Аймақта транзиттік сауда жиі жүргізіледі. Сондықтан қазіргі ушыққан саяси ахуалға байланысты алаңдап отырмыз. Өйткені бұл транзитке кері әсер етуде. Тығырықтан шығудың жолы жан-жақты талқыланды. Көп жақты формат бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастыққа жүгіндік. Алдағы уақытта Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлер конференциясын өткізеді. Онда біз алдағы іс-әрекетімізді талқылаймыз».