Отандық мұнай-газ саласы монополистердің қыспағында қалған. Салдарынан өнім құны тұтынушыға жеткенше бірнеше есе қымбаттаған.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі саладағы осы сынды бірқатар шикіліктің бетін ашты. Мәселен, «ҚазТрансГаз Аймақ» кәсіпорыны жұмыс көлемінің шамамен 70%-ін сыртқы ұйымдарға аутсорсингке берген. Алайда, соңғы 5 жылда компанияға қажетті қызметтерді бір ғана мекеме ұсынып келген. Өйткені, ұлттық оператордың сатып алуларына қатысу басқа мекемелер үшін қолжетімсіз болған.
Енді бұл мәселені реттеу үшін монополияны ығыстыру көзделіп отыр. Ол үшін ең алдымен мұнай өнімдерін жеткізетін делдалдарға тосқауыл қойылады.
Биржадағы сауда-саттық көлемі ұлғайтылады. Ал көгілдір отын саласындағы кем-кетікті түзеу үшін газ бағасын мемлекеттік реттеуді сақтап, ішкі нарыққа газ жеткізуді квоталау тетігі енгізілмек.
Шынар Оразова