Úı ANONS Президенттің жақын туыстарының лауазымды басшылыққа тағайындалуына заңмен тыйым салынады

Президенттің жақын туыстарының лауазымды басшылыққа тағайындалуына заңмен тыйым салынады

фото time.kz

Қазақстанда Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңмен тыйым салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлім етті.

 

«Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.