Қарызды өндірудегі қиындықтар

73

Заңдағы олқылықтар мен борышкерлердің төлем қабілетсіздігі — қарызды толық өндіріп алуға кедергі келтіреді.

Мәжілістің жалпы отырысы өтті
Мәжіліс отырысы/көрнекі  фотосурет/

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Әділет министрі Қанат Мусин қарызды өндіруде осындай қиындықтың барын айтты.«Сот төрелігін іске асырудың соңғы кезеңі ретінде мәжбүрлеп орындату процесі тиімді, жедел және әділ болуға тиіс. Бірақ, өкінішке орай өндіріп алушылар өздеріне тиесілі сомаларды уақтылы және толық өндіріп алуға қол жеткізе алмайды», — деді министр.

Қарызды өндіріп алуда сот орындаушыларға қатысты арыз да азаймай тұр. Шағымдардың басым бөлігі атқарушы құжаттарының ұзақ уақыт бойы негізсіз орындалмауына қатысты.

Сонымен қатар, сот орындаушылар тиісті мәжбүрлеу шараларын жүргізбейді. Мысалы, соттарға түскен әкімшілік талап арыздың ең көбі – сот орындаушыларына қатысты. Мысалы 9 айда республикада 6 мыңнан астам талап арыз түскен.

Шынар Оразова