Қазақстанда 2035 жылы атом электр стансасын салу көзделіп отыр

65

Энергетика министрі Болат Ақшолақовта бар деректер бойынша,

Қазақстан сағатына 153 млрд кВт қуат көзін тұтынады. Ал қазір жұмыс істеп тұрған энергия көздері тозығы жеткен және өзге де факторлардың әсерінен мүмкіндіктері  төмендеп, сағатына 89 млрд кВт-қа әзер жетіп отыр. Сондықтан электр энергиясыз қалмас үшін жаңа генерациялық қуат көздерін салу қажет. Оның басым бөлігі төмен көміртекті генерацияда болады. Соның ішінде баламалы энергия көздері нысандары да бар. Бірақ парникті газдың мөлшерін азайту және 2060 жылға дейін көміртек бейтараптылығына жету жоспарлары бұған кедергісін тигізіп жатқан көрінеді. Сондықтан 2035 жылы Атом электр станциясын салу көзделіп отыр. Жалпы мамандардың болжауынша, 2035 жылға қарай газ генерациясы 5 ГВт, гидроэлектр станцияларындағы генерация 2 ГВт, көмір генерациясы 1,5 ГВт, баламалы энергия көздері 6 ГВт және атомдық генерация 2 ГВт болуы тиіс.

Шынар Оразова