Шымкентте сапалы аяқ киімдер жәрмеңкесі өтеді

352

Шымкентте Беларустық өндірушілер ұсынған аяқ киім жәрмеңкесі басталды. 3-13 наурыз аралығында қала тұрғындарын жоғары сапалы аяқ киімдердің кең таңдауы, қолайлы бағамен қуантады. Қысқы аяқ киімді жеңілдікпен сатып алып, қалтадағы қаражатты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, жаппай сатылымда сапалы жазғы аяқ киімдер ұсынылуда.

Шымкенттегі Белорусиядан жеткізілген аяқ киімдер жәрмеңкесіне Махфуза Тойчиева Төлеби ауданынан арнайы келген. Ол келгеніме мүлде өкінбедім дейді. Сатушы-кеңесшілер оған көктемге арналған аяқ киімнің сапалы, ыңғайлысын қол жетімді бағада жылдам таңдап берді.

Махфуза Тойчиева, сатып алушы: «Менің аяғым жалпақ, бірақ өлшемі кішкентай болғандықтан, аяқ киім таңдау, сатып алу мен үшін өте үлкен қиындық туғызады. Осындай жәрмеңкені ұйымдастырушыларға көп рақмет, соның арқасында өзіме керегін таптым. Мен әрқашан олардың келгенін қалаймын!».

Беларусь өнімдері өзінің сапасымен әлемге танымал. Үлкен таңдау әйелдерді де ер азаматтарды да қуантары сөзсіз. Мұнда күзгі және қысқа етіктер, туфли және басқа да аяқ киім түрлерін табуға болады.

Кәсіби кеңесшілер аяқ киімнің өлшемі мен моделін таңдайды. Сондай-ақ, олар таңдап киіп көруге көмектесіп, аяқ киімге күтім жасау бойынша кеңестер береді.

Диана Широва, Беларусь аяқ киім жәрмеңкесінің менеджері: «Сіздерді Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз. Барлық аяқ киімдер таза былғарыдан және қой жүнінен тігіледі. Кейде ыңғайсыз аяқ киімдерден аяқтың ауыратыны бар, сондықтан сапалысын сатып алу керек. Аяқ киім үлкен көлемді, кең жіліншік және шығыңқы сүйекті проблемасы барларға арналған. Сонымен қатар біздің ортопедиялық аяқ киімнің табаны сырғанамайды. Қолжетімді бағамен жоғары сапалы аяқ киімді сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!».

Жәрмеңке Абай саябағында, бейнелеу өнері мұражайының ғимаратында өтеді.

Мекен-жайы: Мадели Кожа, 2Б.