Инсайдерлік ақпаратқа сүйенсек, оқушылардың бірі әлеуметтік желідегі парақшасында 16 наурызда №87-мектепте жарылыс болатыны туралы хабарлама жазған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары мен ауданның барлық тиісті қызмет өкілдері шұғыл жиналды, деп хабарлады «Жедел шақырылым» бағдарламасының тілшілері.
Жарылғыш затты табу үшін саперлар тобы жұмылдырылды. Мектеп аумағы толығымен тексеріліп, оқушының жалған ақпарат таратқаны дәлелденді. Жазбаны 2005 жылы туылған оқушы мектепке барғысы келмей, бомба туралы мәлімдеме таратқан болуы мүмкін деген болжам айтылуда.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шаралары аяқталғаннан кейін іс материалдары сотқа жолданып, процессуалдық шешім қабылданады.