Үкімет басшысы: «Жүк тасымалына арналған баламалы көлік дәліздерін пайдалану керек»

81

Қазақстанның Әзербайжан және Грузиямен жасаған келіссөздерін ескеріп, жүк тасымалына арналған баламалы көлік дәліздерін пайдалану керек. Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында Премьер-министр осы мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Көлік және сауда мәселесіне арналған жиында, бизнес өкілдерінің өтініші пысықталды. Құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, аккумулятор, кабель-өткізгіш өнімдерін өндіруші, 16 отандық кәсіпорынның жай-күйі қаралды.

Әлихан Смайылов экономикаға әсер ететін тауарларға импорттық кедендік баждарды алып тастауды қарастыруды тапсырды. Ішкі нарықты азық-түлікпен қамтып, импорттық тауарларды пайдаланатын өндірушілердің экономикалық белсенділігін қолдауға мүмкіндік ашылады

Шынар Оразова