1 сәуірден бастап қайтарымсыз грантқа өтінім беру басталады

165

1 сәуірден бастап 2021-2025 жылға арналған ұлттық жоба шеңберінде грант алудың бірінші легіне өтінім қабылдау басталады. Шара «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асады. Ал қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркеліп, өтінім береді. Портал 1 сәуір күні іске қосылады.

Биылғы грант мөлшері -400 АЕК-ті құрайды. Өтінім беруге 2019-2021 жыл аралығында «Бизнес бастау» курсынан өткен, сертификаты бар азаматтар қатыса алады. Айта кетейік, өзгерістерге байланысты » Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту курстары уақытша тоқтатылды.

                                                                    Гүлдана Дәурен