2022 жылғы 1 сәуірде зейнетақы мен жәрдемақы өсті. Енді мамырдан бастап қанша теңге аламыз?

4315

«Айлық есептік көрсеткіш пен күнкөріс деңгейінің мөлшері өзгереді» деген жаңалық тарап, жұртшылық зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері қаншаға артады екен деп елеңдеп қалды. Осы орайда оқырмандарымызға республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдердің қанша теңгеге көбейетіні туралы мәліметті ұсынамыз. Ендеше біле жүріңіз!

Инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Соған сәйкес, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:

  • Айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге;
  • Ең төменгі зейнетақы – 48 302 теңге;
  • Ең төменгі төменгі базалық зейнетақы төлемі – 21 191 теңге;
  • Күнкөріс деңгейі мөлшері – 37 389 теңге болып бекітілді.

ЗЕЙНЕТАҚЫ 4%-ҒА АРТАДЫ

Әнуар Ілеспаев

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім басшысы Әнуар Ілеспаевтің айтуынша , 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер қайта есептелді. Сәуір айының айырмашылық соммасы алдыңғы мамыр айындағы зейнетақы мен жәрдемақыларға қосылып төленеді.

— 2022 жылдың 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнетақы төлемдерінің негігі мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап — 4 пайызға артты. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгеден 48 032 теңгеге дейін өсті. Ал зейнетақыға қосымша төленетін базалық зейнетақы төлемінің мөлшері әр бір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 20 191 теңгеден 37 389 теңгеге дейінгі аралықта арттырылды.

2022 жылдың 1 сәуірнен бастап жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерін есептеу үшін, ең жоғарғы орташа айлық табыстың мөлшері 46 айлық есептік көрсеткішпен аспауы керек, яғни орташа айлық табыс шектеліп 146 280 теңгеден ( АЕК 3 180 х 46 =146 280) анықталды, -дейді Әнуар Ілеспаев.

ЖӘРДЕМАҚЫ ДА КӨБЕЙДІ

Сонымен, жәрдемақылардың мөлшері, күнкөріс деңгейінің мөлшерінің өзгеруіне байланысты 2022 жылдың 1 сәуірнен бастап:

Мүгедектік жәрдемақылар :

І топқа 69 155 теңгеден — 71 787 теңгеге;

ІІ топқа 55 108 теңгеден — 57 206 теңгеге;

ІІІ топқа 37 459 теңгеден — 38 885 теңгеге;

7 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы 50 426 теңгеден 52 345 теңгеге артты.

7 жастан асқан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға берілетін жәрдемақы:

І топ 69 155 теңгеден — 71 787 теңгеге;

ІІ топ 57 269 теңгеден — 59 449 теңгеге;

ІІІ топ 43 222 теңгеден— 44 867 теңгеге көбейді.

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2021 жылғы 24 қазаннан бастап, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедек балалар мен бала кезінен мүгедектерге олардың ата-анасы қайтыс болған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдай бойынша жәрдемақыны бір мезгілде алуға құқылы енгізілді.

Осыған орай, «мүгедек балалар және бала кезінен мүгедек» болып табылатын мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушылардың ата-анасы қайтыс болған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдай бойынша жәрдемақы мүгедектіктің тобына қарамастан бір мезгілде мемлекеттік жәрдемақының екі түрін алу құқығы берілген.Осы санаттағы жәрдемақыны алуға құқығы бар азаматтар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.

Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге 50 426 теңгеден — 52 345 теңге;

І топтағы мүгедекке күтім жасаушыға 50 426 теңгеден — 52 345 теңге артты.

2021 жылдың қазан айынан бастап I топтағы мүгедекті бағып отырған отбасыларға (адамдарға) жаңа арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 52 345 теңге (1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейінің есебінен) енгізілді. Бұл күтім бойынша жәрдемақы мүгедектік себебіне қарамастан, мүгедек деп белгіленген мерзімге (бала кезінен мүгедек, жалпы ауру және өндірістік жарақат және т.б.) 1-топтағы мүгедектің күтушілеріне тағайындалады.

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы:

1 балаға 30 976 теңгеден — 32 155 теңге;

2 балаға 53 667 теңгеден — 55 710 теңге;

3 балаға 66 634 теңгеден — 69 170 теңге;

4 балаға 70 596 теңгеден — 73 283 теңге;

5 балаға 73 117 теңгеден — 75 900 теңге;

6 және одан көп балаға 75 998 теңгеден — 78 891 теңге көбейтіліп төленетін болады.

Тұл жетімдер:

— Әр балаға бөлек — 44 120 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.

АРНАЙЫ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР:

Айлық есептік көрсеткіштің 3 180 теңгеге өсуіне байланысты:

1 тізім бойынша 28 854 теңгеден – 29 956 теңгеге ;

2 тізім бойынша 25 668 теңгеден – 26 649 теңгеге ұлғайды.

БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ:

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар.

— 1, 2 және 3-ші бала туылғанға — 120 840 теңге;

— 4-ші және одан кейінгі бала туылғанда 200 340 теңге төленеді.

Бала 1 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы:

— 1 балаға — 18 317 теңге;

— 2 балаға — 21 656 теңге;

— 3 балаға — 24 963 теңге;

— 4 және одан көп балаға — 28 302 теңге төленеді.

ЕСКЕРТУ: жұмыс істейтін аналардың, бала 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақының мөлшері табыстарының мөлшеріне қарай анықталып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан жәрдемақы төленеді.

АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР.

— 4 және одан да көп баласы бар, көп балалы отбасылардың бала санына қарай жәрдемақылардың мөлшері:

4 балаға 49 100 теңгеден – 50 976 теңгеге;

5 балаға 61 383 теңгеден – 63 728 теңгеге;

6 балаға 73 666 теңгеден – 76 479 теңгеге;

7 балаға 85 948 теңгеден – 89 231 теңгеге;

8 балаға 98 016 теңгеден – 101 760 теңгеге;

9 балаға 110 268 теңгеден – 114 480 теңгеге;

10 балаға 122 520 теңгеден – 127 200 теңгеге;

11 балаға 134 772 теңгеден – 139 920 теңгеге;

12 балаға 147 024 теңгеден – 152 640 теңгеге;

13 балаға 159 276 теңгеден – 165 360 теңгеге;

14 балаға 171 528 теңгеден – 178 080 теңгеге;

15 балаға 183 780 теңгеден – 190 800 теңгеге арттырылды.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы 19 604 теңгеден — 20 352 теңгеге көбейді.

Кеңес Одағының батырлары мен 3 дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері 424 624 теңгеден — 440 844 теңгеге;

Социалистік Еңбек Ері 3 дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері 424 624 теңгеден – 440 844 теңгеге;

«Қазақстанның ғарышкер ұшқышы»,»Халық қаһарманы», «Енбек ерілері» 424 624 теңгеден – 440 844 теңгеге;

Ұлы Отан соғысына қатысушылар 49 008 теңгеден – 50 880 теңгеге;

Ұлы Отан соғысының мүгедектері 49 008 теңгеден – 50 880 теңгеге;

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендер 18 960 теңгеден – 19 685 теңгеге;

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендер 23 126 теңгеден – 24 009 теңгеге;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер жесіріне 13 723 теңгеден – 14 247 теңгеге;

Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 14 060 теңгеден – 14 597 теңгеге;

Қайтыс болған соғыс мүгедектері,соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі(ері) 7 842 теңгеден – 8 141 теңгеге;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы еңбегі үшін… 6 525 теңгеден – 6 774 теңгеге;

1988-1989 жыл Чернобыль АЭС-дағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар 18 960 теңгеден – 19 685 теңгеге;

Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек немесе зейнеткер болып табылатын 3 278 теңгеден – 3 403 теңгеге;

Қ.Р ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдар 3 278 теңгеден – 3 403 теңгеге;

Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік пен Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 14 703 теңгеден – 15 264 теңгеге артып жәрдемақы төленетін болады.

Базалық зейнетақы төлемінің 01.04.2022 жылдан мөлшері

Базалық зейнетақы төлемі, оның ішінде еңбек өтілі бойынша:

ЕТКД

МӨЛШЕРІ 

10 жыл және одан төмен

54%

37389

20191

11

56%

*

20938

12

58%

*

21686

13

60%

*

22434

14

62%

*

23182

15

64%

*

23929

16

66%

*

24677

17

68%

*

25425

18

70%

*

26173

19

72%

*

26921

20

74%

*

27668

21

76%

*

28416

22

78%

*

29164

23

80%

*

29912

24

82%

*

30659

25

84%

*

31407

26

86%

*

32155

27

88%

*

32903

28

90%

*

33651

29

92%

*

34398

30

94%

*

35146

31

96%

*

35894

32

98%

*

36642

33 және көп

100%

37389

37389

ЕСКЕРТУ: Сәуір айынан бастап арттырылған зейнетақы мен жәрдемақылардың ұлғайтылған мөлшері, зейнетақы мен жәрдемақының келесі төлеу кезінде, яңни мамыр айында қосымша төлеммен төленеді екен.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ
Ontustik Rabat газетінің №16 (21.04.2022) санына жарияланған