2025 жылы табиғи газ тапшылығы сезілуі мүмкін

360

Елімізде 2025 жылы газ тапшылығы сезілуі мүмкін. Өйткені, ішкі нарықта газ тұтыну көлемі тұрақты түрде артып келеді. Орташа жылдық өсім 7 пайыз. Бұл туралы  сенатта өткен Үкімет сағатында энергетика министрі айтты. Егер ірі кәсіпорындар да газ тұтынуға көшсе, онда бұл көрсеткіш одан да артуы ықтимал. Оның үстіне газ құбырларының 75 пайызы тозған.

Әзірге көгілдір отынмен халықтың 58 пайызы ғана қамтылған. Статистика 100 пайызға жетпей жатып, тапшылық жайлы мәселе туындағаны алаңдатарлық жайт. Сондықтан, елді газбен толық қамтудың өзге тетіктері қарастырылып жатыр. Мәселен, газға мұқтаж солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарына көгілдір отын Ресейден тартылуы мүмкін.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі: «Ресейден газ тарту жақынырақ. Жылдам жасауға болады. Егер Сарыарқа арқылы жүргізсек, бұл деген ұзақ мәселе, әрі қымбаттырақ. Сондықтан газды Ресейден тарту әлдеқайда тез. Келісім шешімі күзге қарай нақты белгілі болады».

Шынар Оразова