Елімізде базалық мөлшерлеме тағы көтерілді. Ұлттық банк оны 0,5 пайызға өсірді. Сөйтіп, оның жылдық мөлшерлемесі 14 пайызға жетіп отыр. Оған әлемдік және еліміздегі экономикалық ахуал, қаржы саласындағы тұрақсыздық әсер еткен.
Әсіресе, Ресей-Украина арасындағы жағдай инфляциялық қысымды күшейтіп жіберді. Қазір ол 12 процентке жеткені белгілі. Бұл соңғы 6 жылдағы антирекорд. Бұған азық-түлік бағасының қымбаттауы әсер еткен.
Енді инфляция салымшылардың ақшасын жеп қоймауы үшін және оны тұрақтандыру үшін базалық мөлшерлеме өсіп отыр. Бұған дейін оның мөлшері ақпанда көтерілген еді.
Шынар Оразова