Ипотекалық бағдарламалардың мерзімі қайта ұзаруы мүмкін

86

Елде ипотекалық бағдарламалардың мерзімі қайта ұзаруы мүмкін. Бұған дейін оларды биыл аяқтау жоспарланған еді.

Алайда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «7-20-25» пен «Баспана хитке» халықтың да, құрылыс компанияларының сұранысы жоғары екенін айтты. Ол қазір осы мәселе талқыланып жатқанын жеткізді.

Еске салайық, «Баспана хит» бастапқы жарнасы 20%, несиені 15 жылға дейін беретін бағдарлама. Ал «7-20-25» арқылы тұрғындар 25 жылға дейін ипотекалық кредит рәсімдей алады.

Шынар Оразова