Кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деп айыпталған 1986 жылғы азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Оқиға өткен жылдың қараша айында орын алған.
Шымкент Жетісай бағытына жол алған жүк көлігінің иесі жолда қол көтерген 2004 жылғы қызды діттеген жеріне жеткізіп тастау мақсатында отырғызып алған ол, жолда қыздың дәрменсіздігін пайдаланып оған зорлық көрсеткен. Оқиға салдарынан қатты күйзеліске түскен жәбірленуші өз-өзіне қол салмақ болған. Абырой болғанда оны туыстары байқап, қызды райынан қайтарған.
Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше баптар бойынша жаза тағайындады. Айта кетейік сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
«Сот үкімі бойынша айыпкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен, 121-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен 15 жылға және 105-бабының 3-бөліктерімен кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған».
Гүлдана Дәурен