Министрлер мен Мәжіліс депутаттары халықпен онлайн кездеседі

175

Министрлер мен Мәжіліс депутаттары азаматтарды қабылдайды. «AMANAT» партиясы орталық мемлекеттік орган басшыларының және халық қалаулыларының сәуір айына арналған азаматтарды қабылдау кестесін жариялады.

Кездесу карантиндік шектеулерді ескере отырып, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі алаңында онлайн-форматта өтеді. Кездесуге жазылу үшін 8 800 080 4441 кол орталық номеріне хабарласу керек. Қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.

Сондай-ақ komek@amanatpartiasy.kz электронды почшасы арқылы жазылуға мүмкіндік бар. Айта кетейік, қабылдауға кездесуден 3 күн бұрын тіркелу керек. Сонымен, назарларыңызға қабылдау кестесін ұсынамыз.

5 сәуір, 10:00 – Мәжіліс депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Еділ Жаңбыршин

6 сәуір, 10:00  – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов

7 сәуір, 10:00 – Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Юрий Жулин

12 сәуір, 10:00 – Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Динара Зәкиева

13 сәуір, 10:00 – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев

14 сәуір, 15:00 – ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев

15 сәуір, 10:00  – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов

19 сәуір,  10:00– ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев және ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев

20 сәуір, 10:00 – ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова

21 сәуір, 10:00  – ҚР Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев және Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Зарина Камасова

26 сәуір, 10:00 – ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева

27 сәуір, 10:00 – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов

28 сәуір, 10:00– Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Вера Ким

29 сәуір, 10:00 – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров өткізеді.