Қазақстандықтар 3 тоннаға жуық алтын құймасын сатып алған

116

Алтынға сұраныс арта түсті. Ел азаматтары өткен айда салмағы 167 келі болатын 8 300-ге жуық алтын құймасын сатып алған. Бұл былтырдың осы кезімен салыстырғанда үш есе көп.

Ұлттық банктің хабарлауынша бұған алтынға инвестиция құюға қызығушылардың артуы себеп. Өйткені, қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен валюта бағамы құбылмалы болып тұрған кезде кейбірі жинағын осылай сақтағысы келеді дейді. Айта кетейік, халыққа алтын құймасын сату бағдарламасы басталған 6 жылда қазақстандықтар 3 тоннаға жуық алтын құймасын сатып алған.

Шынар Оразова