Биыл Абай ауданына қарасты Карл Маркс шағынауданында 7 көше орташа жөндеуден өтеді. Нақтырақ айтсақ, Бақшалы, Құрылыс, Айшықты-2 және атауы жоқ 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ал алдағы уақытта тағы 8 көшеге асфальт төселеді деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге 2 балалар алаңшасы салынып, жыл соңында шағын аудан сапалы интернетпен қамтылады.
Айта кетейік, 6 мыңға жуық тұрғыны бар шағынаудан толығымен электр жарығымен, ауыз су және табиғи газбен қамтылған.
Гүлдана Дәурен