Солтүстік-Батыс шағынауданында 2 көшеге асфальт төселіп, бір көше жарықтандырылады

162

Абай ауданына қарасты Солтүстік-Батыс шағынауданында 2021 жылы 5 көшеге асфальт төселген. Биыл жұмыс Өріс тұйығы және Талас көшелеріне жүргізіледі. Ал 2023 жылы тағы 3 көше асфальттанады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, биыл 1 көше жарықтандырылады. Ал сапалы интернетпен қамту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Айта кетейік, Солтүстік батыс шағынауданында инфрақұрылыммен қамту жұмыстары аяқталған. Елдімекен ауыз су және электр жарығымен, табиғи газбен толық қамтылған.

Гүлдана Дәурен