Тұрғын: «Есепте айтылған ақпарат шындыққа жанаспайды»

108

Қала әкімінің жоспарлы есеп беру жиынына қатысты ақпарат беруді жалғастырамыз. Абай ауданындағы есеп беру жиынында жергілікті тұрғын шаһар басшысы айтқан мәліметтерге көңілі толмайтынын айтты. Сөзінше, халыққа ұсынылып отырған көрсеткіш тым асыра айтылған.

«Өтірік шыны аралас есеп болды. Солтүстік саяжайда тұрғын саны 26 мың деп көрсеттіңіздер, 2600 болса түсінемін. Өтірік жазылған онда», дейді тұрғын.

Ал қала әкімі бұл пікірмен келіспейді. Ол, егер қажет болса, барлығын құжат жүзінде дәлелдеуге дайын екенін жеткізді. Ал жиын аяқталған соң Мұрат Әйтенов айтулы азаматты қайта тыңдап, жағдайды түсіндірді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Сіз мені бүкіл халықтың көзінше кінәладаңыз ғой. Кез келген жобалық сметалық құжат сараптамадан өтеді. Кез келген мәселені қанша халықты қамтитынын көрсетпесек ол жобаны сараптамадан өткізбейді. Жаңа сіз менің жауабыма көңілім толмайды деп айттыңыз. Әлі де көңіліңіз толмай ма?».

«Иә, мен жауабыңызға қанағаттандым. Енді ешқандай сауалым жоқ, қазір сіздің қолыңыздағы құжатты көрдім, оның растығына көзім жетті. Енді күмәнім да, басқа сауалым да жоқ».

Гүлдана Дәурен