«Жібек жолы» шекара бекеті ашылды

21

Қазақстандық «Жібек жолы» шекара бекеті- облыс бойынша жолаушылар ең көп өтетін бекет. Пандемияға дейін бекеттің өткізу қабылеті тәулігіне 25 мыңға жуық адамды құраған.

Шектеулер алынып тасталғанан кейін мұнда әжептеуір жандану байқалады. Бұрындары шекарадан өтуге тек Өзбекстандағы этникалық қазақтарға рұқсат берілген еді. Олар келіп туған туыстарынан хабар алатын. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаннан кейін, шетелдіктер Қазақстанға жұмыс істеуге ұмтылуда. Осыған дейін оларға біздің елге тек ұшақпен ұшып келуге рұқсат етілген еді.

Мансур Каримов, Өзбекстанның азаматы: «Алдын қиындықтар болатын.  2-3 ай болып қалды  шекарадан өтпегеніме. Өзткізбейтін. Ал енді Шымкентке жұмыс істеуге бара жатырмын. Шекаара ашылыпты ғой. ПЦР тест тапсырдым, бекеттен еш қиындықсыз өттім».

Фарход Уришбаев, Өзбекстанның азаматы: «Біз шекараның ашылғанына қуаныштымыз.  Бізді бастығымыз шағырып алды, Біз наубайханада жұмыс істейміз. Нан жабамыз».

Шектеулер алынып тастаған күннен бастап туристер де келе бастады. Олардың басым бөлігі Оңтүстік қазақстанның қасиетті жерлеріне зиярат етуге келеді. Ыңғайлы болу үшін, оларға жеке көліктерімен шекараны асуға рұқсат берілді.

Ердос Халматов,  туристік ақпараттық орталық өкілі: «Шекараның ашылуы туризм үшін өте ыңғайлы болды.  Бүгіннен бастап келіп жатыр. 14 сәуірде туристердің ағыны күтілуде. Олардың басым бөлігі Самарқанд, Түркістан және Арыстан бабқа  зиярат етеді.  Уақытша кіру  мерізімі – 3 ай. Алайда олар зиярат етуді 10 күнде бітіреді».

Қазақстандағы көтерме сауда орындары да Өзбекстаннан сатып алушылардың ағынын күтуде. Пандемияға дейін өзбекстандықтар Қазақстаннан азық түлік сатып алатын. Өсімдік майы, кондитерлік өнімдер мен тұрмысқа қажетті химикаттарды. Өйткені бұл тауарлар көрші мемлекетте қымбат болатын. Ақша айырбастау орындарында біз бүгін аз ғана кезекті байқадық. Айта кетейік, қазіргі көрсеткіш бойынша 1 теңгені сатып алу үшін өзбекстандықтар 25 сом төлейді

Мұнда «Орта Азия» сауда-экономикалық ынтымақтастығы халықаралық орталығының құрылысы әзірге тоқтатылған. Жобаны іске асыру бір жыл бұрын басталған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық іске қосылғанда өткізу қабілеті тәулігіне 35 мыңға жуық адам және 5 мың жүк көлігіне дейін артады.

Шынар Оразова