Қазақстан ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша
биыл сәуір айында тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 52 520 мәміле тіркелген. Бұл көрсеткіш наурыз айымен салыстырғанда 22,5%-ке төмен. Өткен айда Қарағанды облысында үйлер ең көп сатып алыныпты. Осы аймақта 8 898 келісімшарт жасалған. Одан кейін Алматы, сосын Нұр-Сұлтанда. Ал Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 958 мәміле тіркелген. Бұл – республика бойынша ең төменгі көрсеткіш.
Ел аумағында 2 бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары. Сәуір айында 15 мыңнан астам екі бөлмелі пәтер рәсімделді, ал бір бөлмелі пәтерді 13 мың адам алған. Жеке үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Алматы, Кызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды жер үйді жиі сатып алады.
Шынар Оразова