Кәсіпорындардың жұмысшыларға қарызы 1 млрд. теңгеден асқан

49

Кәсіпорындардың жұмысшыларға қарызы 1 млрд. 700 млн. теңгеден асқан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек,  300-ден аса компания 7 мың қызметкердің жалақысын қайтармаған.

Еңбек инспекторлары азаматтардың айлығын уақытында қайтармаған кәсіпорындарға 40 млн. теңгеден аса айыппұл салды. Бұл компанияларға берешекті өтеудің қатаң кестесі мен мерзімі белгіленген.

Қазір 5 мыңға жуық жұмысшының құқығы қорғалған. Оларға 1 млрд. теңгеден аса ақша қайтарылды.

Шынар Оразова