Қаржыны елден заңсыз шығаруға тосқауыл қойылады

75

Мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларының 50 мың доллардан асатын қаржылық операциялары қатаң бақылауға алынған. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша бұл елден қаржыны заңсыз шығаруға жол бермеу үшін жүргізіліп отыр.

Айтуларынша шетелден мүлік, құнды қағаз сатып алу секілді күмәнді операциялар жайлы Ұлттық банк құзырлы органдарды бірден хабардар етеді. Оның үстіне 18 елмен азамататтарының банк шоттары жайында өз-ара ақпарат алмасу процесі басталып кетті.

Егер жасырылған ақша мен дүние мүлік анықталса, оны декларациялап, салық төлеуге 30 күн уақыт берілмек. Әрі оның қайдан келгенін түсіндіруге тура келеді.

Шынар Оразова