Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есе артады

38

Бүгінде әуе қатынастары бойынша Үкіметаралық келісім негізінде елдер арасындағы тұрақты рейстердің жиілігі бойынша аптасына 61 жолаушылар рейсі орындалуда. Атап айтқанда, осы мерзім аралығында отандық Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары 37 рейс орындаса, түркиялық Turkish Airlines және Pegasus компаниялары 24 рейс жүзеге асыруда.

Жолаушылар Ыстамбұл мен Анкараға және кері қарай Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Түркістан қалалары арқылы ұша алады.  13 мамырдан бастап ұшу саны аптасына 63 рейске артады. Тиісінше,  елдер арасындағы апта сайынғы рейс саны 124-ке дейін өсетін болады.

Шынар Оразова