Референдум- 2022: Қалалық қоғамдық штаб мүшелері жастармен кездесті

102

 ҚР Конститутциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум бойынша  кездесулер жалғасуда.  Бұл жолы  Шымкент қаласы бойынша Қоғамдық штаб төрағасы Еркін Сатқанбаев пен штаб мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Сұлтанғали  Қуандық,  Абай ауданындағы Жастар ресурстық орталығының белсенділеріне рефререндумның маңызын түсіндірді.

Бүгін Абай ауданындағы жастар ресурстық орталығында жиналған  жас буынға  қалалық қоғамдық штабтың төрағасы Еркін Сатқанбаев,  мемлекетіміздің басты Заңы-Конституцияға көптеген өзгерістер енгізетін референдумның маңыздылығы жайлы  баяндап берді. Ата заңымыздағы 99 баптың 31 не өзгерістер, 2 қосымша енгізелетінін айтып, ең  өзектілеріне жіті тоқталды. Сонымен қатар  белсенділердің сұрақтарына да жауап берді.

Ата Заңымызға енгізілетін  түзетулер, саяси жүйені қайта құру үшін көптен күткен шараларды қамтып, қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылы форматтарын жаңартуға деген сұранысын көрсетеді. Сондықтан қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға өзгерістер енгізге қатысты өз пікірін білдіруге құқылы. дейді қалалық мәслихат  депутаты Сұлтанғали Қуандық.

Бұл  белсенді жастар  биыл референдумге қатыспайды, өйткені 16-17 жаста. Алайда елімізде орыналып жатқан жаңашылдықтарды білуі тиіс.   Естеріңізге сала кетейік, 5-маусымда өтетін республикалық референдумға 18 жасқа толған дауыс беру құқығына ие азамат қатыса алады.

Конституциялық реформаның ережелері әртүрлі қоғамдық күштердің, сарапшылар мен азаматтық белсенділердің бастамаларына негізделеді.

Шынар Оразова