Шымкентте 6 адамның бруцеллезбен ауырғаны анықталды. Аталмыш ауру адамға жануарлардан жұғатын болғандықтан, дерт көп жағдайда мал өсіретін аумақтарда анықталады. Қазір бруцеллез тіркелген ошақтарда залалсыздандыру жұмыстары қолға алынған.
Шымкентте осы жылдың алғашқы 4 айында бруцеллез ауыруының 6 жағдайы тіркелген. Көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда, артқан. Мамандардың айтуынша науқастардың екеуі дертті ауру жануардан жұқтырса, қалған төртеуі бруцеллезі бар малдың еті, сүтінен пайдаланған. Сонымен бірге олар аурудың ерте сатысында медициналық көмекке жүгінбегендіктен дерт асқынып, инфекциялық ауруханадан бір-ақ шыққан.
Айгүл Тұрымбетова, Шымкент қалалық СЭБД басшысының орынбасары: «Жалпы тіркелген ошақтардың барлығында індетке қарсы шаралардың барлығы жүргізіліп, уақытылы оқшауланып, науқастар емделіп, қарым-қатынаста болғандар тексеріліп, бақылаудан шықты. Бұл ауру зоонозды. Мал арқылы жұғатын өте жұқпалы ауру. Аура созылмалы түрде өтіп , көбісі уақытында білмей созып алады. Аурудың белгілері ыстығы көтеріледі, аяқ-қолы сырқырайды адамдар оған мән бермейді».
Бруцеллез ауруы мал шаруашылығымен айналысатын аймақтарға жиі кездеседі. Себебі бұл дерт адамға ауру малдың өзінен немесе оның еті, сүті, яғни өнімінен жұғады. Сондықтан мамандар, бруцеллез ауруына шалдықпау үшін сүт пен ет өнімдерін талғап қолдаруға кеңес берді.
Айгүл Тұрымбетова, Шымкент қалалық СЭБД басшысының орынбасары: «Егер үйлерінде мал ұстайтын болса, міндетті түрде қорғаныс заттарын киіп, жұмыстарын жасап болған соң жеке бас гигиенасын сақтап қолын жуу керек, ауру малдар үйде болатын болса не фермаларда болатын болса, ауру малдардың нәжісі арқылы ауаға да тарап жатады. Адамдар тыныс алу жолдары арқылы, ауру малдың еті мен сүтін ішу арқылы жұғады, Белгі жерден сүт өнімдерін алып тұтыну керек».
Үй жануарларынан тарайтын қауіпті аулулардың тағы бірі, сібір жарасы. Өткен жылы қалада дәл осындай аурудың 6 бірдей жағдайы тіркелген. Сол себепті жиында қауіпті аурудің салдары мен оның алдын алу шаралары сөз болды.
Көктем, малдан жұғатын аурулардың қозатын мезгілі. Сондықтан мамандар, сақтық шараларын барыншы ұстанып, ауыра қалған жағдайда бірден медициналық көмекке жүгіну қажет екендігін ескертеді.
Әсел Мәлік