Шымкентте кісі өлтірді деген күдікті изоляторда өзіне қол салған

144

Шымкентте кісі өлтірді деп күдікке ілінген ер адам тергеу изоляторында өз-өзіне қол салды. Қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, күдікті түнде тамырын кесіп тастаған, деп хабарлайды Отырар.

 

1962 жылы туған ер адам наурыз айының ортасында кісі өлтіру бойынша күдікті ретінде ұсталған. Ол бейнебақылау камераларына түсіп қалмауы үшін көрпе жамылған.

Мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсеткен, жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері күдіктінің қан жоғалтып, мерт болғанын растады.

«Бұл дерек бойынша Департаментте қызметтік тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қызметкерлер жауапқа тартылды. 11 мамырдағы қашу дерегі мен суицид арасында өзара байланыс жоқ. Қашқан адам мекемеге 7 мамырда келді», – деді Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҚАЖД баспасөз қызметіндегілер.