Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер төбелесіп, бірі ес-түссіз ауруханаға түсті

140

Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер төбелесіп, бірі ес-түссіз ауруханаға түсті. Ер адамдардың арасындағы ерегіс мереке күндері болған сыңайлы.

Демалыс орнының алдында сөзге келген екеудің текетіресі сол жердегі видеокамераға түсіп қалып, кейін ол әлеуметтік желіде тарап кетті. Белгілі болғандай алдымен жұдырықты эканомкалық тергеу департаментінің қызметкері жұмсаған. Бірақ, соңында таяқ жеп, қазір қаладағы №1 ауруханада ес-түссіз жатқанын денсаулық сақтау басқармасы растады.