Елімізде темекі мен тәтті сусындар қымбаттауы мүмкін. Бүгін сенатта бұл өнімдерге акциз бағасын көтеру мәселесі сөз болды.
Құжатта 2024 жылға дейін шылымға акциз мөлшерлемесін 35 еуроға дейін өсіру көзделген. Яғни, бір қорап темекі бағасына 300-350 теңгеге дейін қосылуы мүмкін. Бұдан бөлек, құрамында қанты бар сусындарға да акцизді көтеру жоспарланған.
Бірақ оған қатысты мәселе Үкімет деңгейінде қаралып жатыр. Сондықтан тәтті сусын акцизінің қаншаға қымбаттайтыны әзірге белгісіз.
Шынар Оразова