Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев және Шымкент қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Әбдірамановтың қатысуымен өткен шұғыл баспасөз брифингте мәлім болды.
– Қала аумағында 2022 жылдың 21 мамыр күні орын алған оқиғаға қатысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, біраз экспертизалар тағайындалды, — деді департамент басшысының бірінші орынбасары.
Баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасының басшысы Дәулеткелді Амангелдіұлы қозғалған қылмыстық іс туралы толығырақ айтып өтті.
– Орын алған төтенше жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-і бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көрсетілген.Тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар жеке кәсіпкерге қатысты прокуратура тарапынан тергеу жүргіземіз және лицензиясынан айырылуы мүмкін, — деді спикер.