Жарылыста қаза болған күзетші 3 ай бұрын ғана үйленген екен

193

Шымкентте кеше болған жарылыс салдарынан қайтыс болған күзетші 3 ай бұрын ғана үйленген екен. Марқұмның жерлеу шығынын Түркістан облысының әкімдігі өз мойнына алды. Отбасына көмек көрсетілмек, несиесін өтеп беру жағы да қарастырылуда, деп хабарлайды Отырар.

Күзетшінің неден қайтыс болғаны сот медициналық сараптамасынан кейін белгілі болмақ.

Перинаталдық орталық тергеуден кейін жұмысын жалғастырады. Жарылыстан зардап шеккен перинаталдық орталықтағы әйелдердің жағдайы тұрақты.

Босанатын әйелдер Түркістан облысындағы перзентханаларға бөлінді. Көмек толық көлемде көрсетілді, екеуінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, қалған 6 адамның жағдайы бірқалыпты. Жарылыс кезінде екі әйел толғату үстінде болған.