Жастарға арналған жалдамалы пәтерлер қолжетімді бола түспек

54

Жастарға арналған жалдамалы пәтерлер қолжетімді бола түспек. Енді мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін 75 мың теңге мөлшерінде табыс көзін растау жеткілікті.

Осылайша, жастардың жалға берілетін тұрғын үйлерді алу мүмкіндіктері кеңейеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сенат қабырғасындағы парламенттік тыңдауда мәлімдеді. Ал сенат спикері жастар саясатын түбейгелі қайта қарауды талап ететінін атап өтті.2025 жылға дейін жұмыс істейтін жастарға 25 мың пәтер беру көзделіп отыр.

Алдағы уақытта өңірлердегі әкімдіктермен бірлесіп, жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарда бар.

Шынар Оразова