Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы келесі аптада басталады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, ол үшін жақында «Жасыл даму» компаниясынан 100 миллиард теңге бөлінуі тиіс. Сөйтіп, келесі апта жұрт асыға күткен бағдарлама басталады.
Бұған дейін несиелеудің шарттары бекітілген еді. Ол бойынша ең жоғары қарыз көлемі 10 миллион теңге. Мерзім 7 жылға дейін. Мөлшерлеме 4 пайыз. Көлік елімізде құрастырылған және оның бағасы 15 миллион теңгеден аспауы керек.
Ал алғашқы жарна міндетті емес. Әрі бағдарлама ашық және әділ өтуі үшін кезекті онлайн бақылау жүйесі іске қосылады.
Шынар Оразова