5 жасар баланы зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

134
фото Астана ақшамы

Түркістан облысында 5 жасар баланы зорлаған ер адам сотталды. Белгілі болғандай, 35 жастағы азамат көшеде ойнап жүрген бүлдіршінді «менің баламмен ойнайсың» деп үйіне кіргізіп алып, арам пиғылын іске асырған. Үш баланың әкесі ҚК-нің 121- бабабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылды. Алайда сот үкімі қазірше заңды күшіне енген жоқ.

Әсет Серікбаев, Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы: «Жас баланы жерге арқасымен жатқызып, екі қолын жылыту турбасына ұстатқызып, дәрменсіз күйін пайдаланып сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Қазіргі таңда аталған іс бойынша сотталушының сенімді өкілдерінің аппиляциялық шағым түсуіне байланысты іс қылмыстық істер жөніндегі сот алқа судьясының қарауында».

Айта кетейік, жаға ұстатар жағдай облыстағы Шұбарсу ауылында болған. Егер сот үкімі күшіне енсе, айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Яғни, ол жазасын қауіпсіздігі жоғары, қатаң режимдегі түрмеде өтейді.

Мөлдір Ибадуллаева