73 жастағы қариялар жүгіру марафонына қатысты

179

73 жастағы Мұхаммедәлі Джуленбаев пен Юрий Остапенко Шымкент күніне орай ұйымдастырылған 5 шақырымдық жүгіруге қатысты. 66 жасынан бастап жүгіру марафонынын қалдырмаймыз деген екі дос салауатты өмір салтын ұстану қажет дейді. Әрі өздері қатысу арқылы жас ұрпаққа өнеге болуды мақсат етіпті.

«Аса қатты қиын болған жоқ. Сәл тізем ауырды. Бірақ, шыдауға болады. Жалпы осындай жаппай жүгірістер көп болса екен. Жастарды да қатыстыру керек. Сонда ұлтымыздың дені сау болады. Салауатты өмір салтын сақтайық. Әрі ұйымдастырушыларға дәл осындай жаппай марафонды жиі ұйымдастырса екен деймін. Өйткені, ақша төлеп көбі қатыса алмауы мүмкін»,-дейді Мухаммедәлі Джуленбаев.

Үнемі спортты насихаттап жүреміз деген қариялар бұған дейін 21 шақырымды марафонға да қатысқан екен.

Юрий Остапенко, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен осы Шымкенттің өзінде 10 марафонға қатысқанмын. Ең көбі 21 шақырым болған. Ал бүгінгі шара өте керемет өтті. Өйткені, күн жылы болды. Әдетте, көбі күзде салқында өтетін еді. Көңіл-күйім керемет».

                                                                                     Мөлдір Ибадуллаева