«Shymkent Marathon 2022»: Жүлде қоры 11 млн. теңге

100

Спорт әуесқойлары үшін жағымды жаңалық! 11 қыркүйек күні бесінші рет Шымкент марафоны өтеді. Бұл үшінші мегаполистегі ең маңызды шараларының бірі. Оның бас демеушісі, техника мен электрониканың ұлттық желісі «Evrika» компаниясы. Марафонның жалпы жүлде қоры 11 миллион теңге. Жарысқа Қазақстан азаматтары ғана емес, көршілес ел тұрғындары да қатысады.

Шымкенттегі ең маңызды жүгіру марафонына екі апта қалды. Қазір бұл шараға қатысқысы келетіндер таңғы сағат жетіден бастап Қажымұқан стадионынына жүгіруге келеді. Дайындықты бірнеше апта бұрын бастап кеткен спортшылар саны 2000-нан асты.

Давлат Хидиров, марафонға қатысушы: «Мен бұл марафонға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қатысып жатырмын. Қатарластарыма және балаларыма мотивация болғым келеді. Өйткені, спорт-денсаулық кепілі. Яғни, бұл арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелейміз. Жалпы, достарымның басым бөлігі спортпен шұғылданады. Шымкентті марафоншылар қаласы деп айтуға әбден болады».

Марафонға еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, көршілес елдерден де спорт әуесқойлары қатысады. Ал техника мен электроника сататын Evrika компаниясы бес жылдан бері марафонға демеушілік жасап, қолдау көрсетіп келеді.

Айтпақшы, биылғы жүлде қоры 11 миллион теңге. Егер сіз де марафонға қатысқыңыз келсе, тіркелуге әлі де кеш емес. Ол үшін «Шымкент марафоны 2022 сайтына кіріп, жазылу қажет. Сонымен қатар ұйымдастырушылар сайыс алдында дәрігердің қаралуынан өтуге кеңес береді.

Анастасия Каштанова, «Shymkent Marathon 2022» ұйымдастырушысы: «Қатысуға ниет білдіргендер «Shymkent Marathon 2022 » сайтына кіріп, тіркелуіне болады. Онда өзі қалаған жүгіру қашықтығын таңдайды. Бізде 5, 10, 21, 42 шақырымдық қашықтықтар бар. Сондай-ақ биыл алғаш рет Скандинавиялық жүріс түрі қосылды. Яғни, қатты жүгіргіңіз келмесе, жай ғана арнайы таяқшамен жүруіңізге болады. Бірақ, өкінішке орай қатысушыларға лимит бар. Тек қана 5 мың адам қатыса алады. Қазірдің өзінде 2 мың орын бос емес. Марафонға тек Қазақстаннан емес, көршілес мемелекеттен де келеді. Сондықтан, орын тез толып қалуы мүмкін. Асығыңыздар».

«Shymkent Marathon 2022» ұйымдастырушылары жүгіргісі келетіндердің көп екенін айтады. Әрі қатысушылар арасында корпоративтік командалар да бар дейді. Ал үздік қатысушыларға бас демеуші Evrika компаниясы естелік сыйлықтар дайындап отыр.