Марафон күндері Әл-Фараби алаңы уақытша жабылады

10-11 қыркүйек күндері үшінші мегаполисте «SHYMKENT MARATHON» спорттық іс-шарасының өтуіне байланысты Әл-Фараби алаңы уақытша жабылады.

Сәйкесінше, алаң арқылы қатынайтын қоғамдық көліктердің қозғалысы өзгертіледі. Мәселен, 10 қыркүйекте 52, 56, 92 маршруттары Т.Айбергенов, Республика және Түркістан көшелері арқылы қатынайды.

Ал 11 қыркүйек күні сағат таңғы 07:00 – 15:00 аралығында Тәуке хан, Д. Қонаев, Түркістан көшелері арқылы қатынайтын автобустар Тәуке хан, А.Байтұрсынов, Н.Төреқұлов, М.Дулати, Қазыбек би көшелері арқылы жүреді. Бәйдібек би көшесі арқылы қатынайтын маршруттар Т.Рысқұлов, С.Бәйтереков көшелерімен қатынайды.