Úı Jańalyqtar Қатар билігі Қазақстанмен авиация және туризм саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі

Қатар билігі Қазақстанмен авиация және туризм саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі

Дохада ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Қатар мемлекетінің Сауда және индустрия министрі — жоғары деңгейдегі Қазақстан-Қатар бірлескен комиссиясының тең төрағасы шейх Мұхаммед бин Хамад Әл Танидің кездесуі өтті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар экономиканы әртараптандыру, әлемдік нарықтағы қазіргі жағдайда көлік-логистика саласын дамыту бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін қозғады, сондай-ақ жоғары деңгейдегі Қазақстан-Қатар бірлескен комиссиясы шеңберінде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.

Шынар Оразова