Úı ANONS Қазақстандықтар қаржы пирамидасын тексере алады

Қазақстандықтар қаржы пирамидасын тексере алады

Экономикалық тергеу қызметі 23 қаржы пирамидасына қатысты 55 қылмыстық істі қарап жатыр. «Бұдан бөлек, қаржы пирамидасының белгілері бар 2 мың сілтеме бұғатталды», — делінген ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ҚазАқпараттың ресми сауалына берген жауабында.

Ведомстводан қаржы пирамидасы қызметіне қарсы шаралар кешені туралы ақпарат берді. «Азаматтардың қаржы пирмидасы қызметінің белгілері байқалған сайттар мен сілтемелерді тексере алатын Telegram-бот іске қосу жоспарланып отыр», — деді Агенттіктен. Сәуір айында Қазақстанда 3 мыңнан астам қаржы пирамидасының құрбаны болған. Өткен жылы қаржы пирамидасынан 31 мыңнан астам азамат зардап шекті. Олар 54 млрд теңгеден астам қаражат жоғалтқан.

Шынар Оразова