Референдум-2022: 100 жастағы Сара әжей үйінде дауыс берді

73

Шымкент қаласында республикалық референдум өтуде. Денсаулығына байланысты учаскелерге келе алмаған қарияларымызға комиссия мүшелері келіп, дауыс беруіне жағдай жасады.

Биыл қаңтардың 21-не 100 жасқа толған Сара Ыбрайымқызы таңдауын жасады. Темір жол саласында еңбек еткен, 5 қыз тәрбиелеп, 69 немере мен шөбере сүйген әжейдің айтары бар «Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Өсіңдер, өніңдер көп жасаңдар» дейді.

№109 учаскелік референдум комиссиясының мүшесі Нұркен Рахманов: » Жаңа ғана  100 жастағы Сара әжейдің үйінен шықтық,  ол кісі дауыс берді. Осыған 5 адамға кірген едік. Бұл дауысты үйде беруге   өтініш берген  алтыншы жерлесіміз».

Шынар Оразова