Референдум күні қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдауда

99

5 маусым, референдум өтетін күні Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлік қызметін тегін пайдалана алады, деп хабарлайды ОТЫРАР.

Автобустар кесте бойынша таңертеңнен бастап желіге шықты. Әрбір жолаушы референдумға барса да, бармағанына қарамастан жолақысын төлемей, тегін жүре алады.

«Мен таңғы 6-дан бері жұмыстамын, көңіл-күй тамаша. Халық көңілді. Төлем терминалын тегін деген хабарландырумен жаптық», – дейді №10 автобус жүргізушісі.