Сұйытылған газ: Экспорт көлемі жыл сайын азая береді

34

Келесі жылдан бастап сұйытылған газ бағасын Энергетика министрлігі реттеп отырады. Оған дейін көгілдір отынның литрі ең көп дегенде 2 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ведомство басшысы Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Жиында халықты газдандыру жұмыстары кеңінен талқыланды. Үш жылдан кейін елде газ тапшылығы болады. Сондықтан көгілдір отынды ең алдымен өзіміз пайдалануымыз қажет. Экспорт көлемі жыл сайын азая береді.

2025 жылы ешкімге газ бермеуіміз де мүмкін. Ал солтүстік және шығыс аймақтарға Ресейден газ тарту пысықталып жатыр.

Шынар Оразова