Тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

76

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша «Nerabota» деп аталатын фирма 2019 жылдан бері азаматтардан заңсыз 80 миллион теңгеден астам ақша жинаған. Бұл белгілісі ғана.

Ал компанияның жүйесі тура қаржы пирамидасы секілді. Адамдар бір-бірін шақырып кіргізеді. Ақша салады. Бірақ тиынды жоғары жақтағылар алады. Фирма елімізде тіркелмеген. Қаржылық операциялар жасауға лицензиясы да жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Шынар Оразова