Жоғалып кеткен бала Алматыда жалдамалы жұмыс істеп жүрген жерінен табылды

68
Шымкенттік полицей жоғалған баланы Алматыдан тапты

Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінген. Ол өзінің 15 жасар інісінің белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағанын айтты. Хабарды алған Абай АПБ КПБ-нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Орынбек Өмірзақ шұғыл түрде жоғалған баланы іздеуге кіріскен.

Тәртіп сақшысы қаланы түгел шолып шығып, баланың жүруі мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Үздіксіз іздеу жұмыстарының нәтижесінде, жасөспірім Алматы қаласында көлік жуу орталығында жалдамалы жұмыс істеп жүрген жерінен табылды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқушы баланы ата-анасына аман-есен тапсырды.
Осы тұста Шымкент қаласының полицейлері ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырады. Жасөспірімдерді үйде жалғыз қалдырмау керектігін ескертеді.