Балабақшадағы заң бұзушылыққа жол берген 54 маманға шара көрілді

54

Шымкентте наурыз айында 67 балабақшадан заң бұзушылық анықталған еді. Осыған байланысты 2022 жылдың наурыз айында санэпидбақылау қызметкерлерінің қатысуымен 91 мектепке дейінгі ұйымға арнайы оқыту семинары ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.07.2022 жылғы №59 «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығына сәйкес түсіндірме жұмысы жүргізілді. Айта кетейік, заң бұзушылыққа жол берген жекеменшік ұйымдардың ішінде 6 меңгеруші және 48 емдәмбикеге тәртіптік шара көрілді. Қалалық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 11 571 тәрбиеленушінің құқығы қорғалып, жіберілген қателіктердің орны толықтырылған.

Шымкент қалалық білім басқармасы «Жалпы Әл-Фараби ауданы бойынша 67 мектепке дейінгі ұйымдардың ішінде бөбекжай балабақшалардың санитарлық талаптардың бұзылуы бойынша заң бұзушылықтарға жол берген жекеменшік ұйымдардың ішінде 6 меңгеруші және 48 емдәмбикелеріне тәртіптік шара көріліп, 11 571 тәрбиеленушілердің құқықтары қорғалды.Сонымен қатар жіберілген қателіктердің орны толықтырылды».

 Гүлдана Дәурен